Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2018 жылғы 06 қыркүйектегі № 2-9-05/130 ұсынысы негізінде, Қос Естек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қос Естек ауылдық округіндегі, Қос Естек ауылындағы Бірлік, Ж. Жабаев және Ш. Балниязова көшелері бойынша мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, белгіленгін шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Қос Естек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 16 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-155, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Қос Естек ауылдық округінің әкімі | Г.Б. Досмағамбетова |