Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 1 "Бадамша ауылының Мир көшесін Жоныс Үкібаев атындағы көшесі деп қайта атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қатені түзеу

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 175 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 3-6-186 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Руспубликасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 1 "Бадамша ауылының Мир көшесін Жоныс Үкібаев атындағы көшесі деп қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-121 болып тіркелген, 2011 жылдың 19 мамырда аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде "сельского округа Бадамша" сөздері "Бадамшинского сельского округа" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл халқының пікірін ескере отырып, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі Е. Дабилдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады