Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қобда ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қобда ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қобда аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Құловқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Шермағанбет |
Қобда ауданы әкімінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 3 шешіміне қосымша |
Қобда ауданы әкімінің күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қобда ауданы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 5 "Қобда ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3781 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Қобда ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 3 "Қобда ауданы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 5 "Қобда ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4211 болып тіркелген, 2015 жылғы 05 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде электронды түрде жарияланған) шешімі.
3. Қобда ауданы әкімінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 3 "Қобда ауданы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 5 "Қобда ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4744 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 ақпанда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешімі.