Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мәртөк ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1 "Мәртөк ауылдық округіндегі елді мекендердегі көшелердің атауларын өзгерту және атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-8-136 тіркелген, 2011 жылғы 27 қазандағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мәртөк ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәртөк ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Ж. Бақыткелді |