Шектеу іс-шараларын алу және Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Темір аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 16 ақпанда № 3-10-175 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 2 қазандағы № 14-01/241 ұсынысына сәйкес, Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қайыңды ауылдық округінің Трасс қыстағындағы "Расбек" шаруа қожалығы аумағында қой және ешкі малдарының арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс – шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.

      2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4979 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдедегі "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды ауылдық округінің әкімі А. Суиндыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады