Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбақұдық ауылдық округі әкімінің 24.09.2019 № 162 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті" Темір аудандық аумақтық инспекция басшысының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 2-14-4/132 ұсынысы негізінде Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. Шұбарқұдық ауылдық округінің Шұбарқұдық ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі | Қ. Нұралы |