Ойыл ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атауларын және индекстерін бекiту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 111 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 10 шілдеде № 3-11-137 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7-тармағына, 6-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ойыл ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ойыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 93 "Ойыл ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4936 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымда аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ойыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ойыл аудандық Әділет басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Сагиров
      КЕЛІСІЛДІ:
"Ақтөбе облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
22 маусым 2018 жыл
А. Османгалиев

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 111 қаулысына қосымша

Ойыл ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстері тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 16.05.2023 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

KD-UL-104

Ойыл-Қараой

74,78

2

KD-UL-107

Көптоғай-Аманкелді

12,55

3

KD-UL-109

Қаракемер-Ақшатау

19,7

4

KD-UL-112

Ойыл ауылына кіре беріс

3,83

5

KD-UL-113

Сарбие ауылына кіре беріс

16,18

6

KD-UL-114

Көптоғай ауылына кіре беріс

21,255

7

KD-UL-115

Каратал ауылына кіре беріс

20,375

8

KD-UL-116

Кайыңды ауылына кіре беріс

26,96

9

KD-UL-117

Кемер ауылына кіре беріс

1,03

10

KD-UL-118

Ақкемер ауылына кіре беріс

12,7

11

KD-UL-120

Бестамақ ауылына кіре беріс

1,84

12

KD-UL-121

Қаракемер ауылына кіре беріс

12

13

KD-UL-122

Екпетал ауылына кіре беріс

1,97

14

KD-UL-123

Кұмжарған ауылына кіре беріс

2,96

15

KD-UL-124

Шұбарши ауылына кіре беріс

15,2


Барлығы


243,33


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады