Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, Сарбие ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарбие ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 02 қыркүйектегі № 7 "Сарбие ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылдың 13 қазанында № 3-11-95 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Сарбие ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарбие ауылдық округінің әкімі | Н. Атагалиев |