Хромтау аудандық әкімдігінің және мәслихаттың 2009 жылғы 26 қазандағы № 368/149 "Хромтау қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 268 қаулысы және Ақтөбе облысы Хромтау ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 256 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 3-12-194 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Хромтау аудандық әкімдігінің және мәслихаттың 2009 жылғы 26 қазандағы № 368/149 "Хромтау қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-102 болып тіркелген, 2009 жылдың 3 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулысының және шешімінің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына және 2009 жылғы 13 тамыздағы Хромтау аудандық ономастикалық комиссиясының шешіміне сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулыны және шешімді Хромтау аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулыны және шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бірлескен қаулыны және шешімді Хромтау аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулысы және мәслихататының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бердалин
      Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы Г. Третьяк
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады