Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 98 "Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 80 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 9 сәуірде № 3-13-184 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 98 "Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5513 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 маусымда аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шалқар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Алибековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Қаниев

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 80 қаулысына қосымша
  Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 98 қаулысына қосымша

Шалқар ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:

      А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);

      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;

      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).

      Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

      Пайдалануды, тұрғын үйді ағымдағы және күрделі жөндеуді, сондай-ақ жер учаскесін күтуді қамтамасыз ету үшін қажетті көлемнің сомасы (Р) мынадай формула бойынша анықталады:



      мұнда Гз – жергілікті атқарушы органы (мемлекеттік кәсіпорыны) тартқан немесе құрған тұрғын үй-пайдалану қызметінің тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесінің күтіміне арналған шығынының жылдық сметасы, қажетті көлемінің жылдық сомасы (жылына теңге);



      1) бір пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шалқар қаласы, И. Тұңғатаров көшесі, № 25 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      Ц=7 621 922 теңге/95,4 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 79 894 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=79894/100/12+0=67 теңге айына бір шаршы метрге;

      2) бір пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекен-жайы: Шалқар қаласы, № 4 көше, № 387А үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      Ц=6 582 453 теңге/70 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 94 035 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=94035/100/12+0=78,4 теңге айына бір шаршы метрге;

      3) екі пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайлары: Шалқар қаласы, И.Тұңғатаров көшесі, № 79А, №89А, №89Б үйлер.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      Ц=11 127 200 теңге/140 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 79 480 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=79480/100/12+0=66,23 теңге айына бір шаршы метрге;

      4) екі пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайлары: Шалқар қаласы, И. Тұңғатаров көшесі, № 382, № 383, № 384 үйлер.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      Ц=11 200 000 теңге/140 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 80 000 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=80000/100/12+0=66,6 теңге айына бір шаршы метрге;

      5) екі пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайлары: Шалқар қаласы, № 4 көше, № 385, № 386 үйлер.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      Ц=12 239 248 теңге/140 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 87 423 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=87423/100/12+0=72,9 теңге айына бір шаршы метрге.

      6) бір пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шалқар қаласы, Т.Жұмағалиев көшесі, № 2 Б үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      Ц=6 488 300 теңге/70 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 92 690 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=92690/100/12+0= 77,2 теңге айына бір шаршы метрге;

      7) екі пәтерлі тұрғын үй, орналасқан мекенжайы: Шалқар қаласы, Ж.Тажибаев көшесі, № 2 үй.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      Ц=12 082 890 теңге/140 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 86 306 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=86306/100/12+0=72 теңге айына бір шаршы метрге;

      8) екі пәтерлі тұрғын үйлер, орналасқан мекенжайлары: Шалқар қаласы, № 4 көше, № 420, № 421, № 422, № 423 үйлер;

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:



      Ц=12 018 800 теңге/140 шаршы метр (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 85 849 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);

      Т=100 жыл;

      Р=0 теңге;

      А=85849/100/12+0=71,5 теңге айына бір шаршы метрге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады