Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 37-204 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 19 желтоқсанда № 4959 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 14.09.2023 № 6-38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы мәслихатының 28.07.2021 № 7-46 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Алматы облысы мәслихатының 28.07.2021 № 7-46 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы мәслихатының 28.07.2021 № 7-46 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессияның төрағасы Ә. Алпысбаев
      Алматы облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Дүйсембінов

  Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы "13" қарашадағы № 37-204 шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы мәслихатының 28.07.2021 № 7-46 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Алматы облысында әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесі

      1. Қапшағай қаласы:

      1) Арна ауылы – Автовокзал;

      2) "Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қапшағай қалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Қапшағай қаласының ауруханасы) – "Қапшағай Ресурс" ЖШС;

      3) Қапшағай қаласының ауруханасы – 20 ықшам ауданы;

      4) Қапшағай қаласының ауруханасы – "Строитель" бағбандық қоғамының" тұтынушылар кооперативі;

      5) Қапшағай қаласының ауруханасы – Сүзгіш станциясы;

      6) 2 желі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "64192 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қарлығаш" ықшам ауданы, 3 сектор.

      2. Еңбекшіқазақ ауданы:

      1) Шелек ауылы – Есік қаласы;

      2) Шелек ауылы ауылішілік маршрут;

      3) Еcік қаласы – Бөлек ауылы.

      3. Талғар ауданы:

      1) №1 Талғар-2 қалалық пошта байланысы бөлімшесі – Байбұлақ ауылы;

      2) №2 "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талғар аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны – Талхиз қалашығы;

      3) №3 "Талгар-Спирт" ЖШС – Қызыл-Қайрат ауылы;

      4) №4 кірпіш зауыты – Талғар-2 қалалық пошта байланысы бөлімшесі;

      5) №5 Талғар-2 қалалық пошта байланысы бөлімшесі – Талдыбұлақ ауылы;

      6) №6 "Талгар-Спирт" ЖШС – Талғар форель шаруашылығы;

      7) №7 "Арман" ықшам ауданы – "Бүркіт" бағбандық қоғамы;

      8) №8 Ақдала ауылы – Ақтас ауылы;

      9) №9 Шымбұлақ ауылы – Нұрпейісов көшесі Айвазовский көшесінің бұрышы;

      10) №215 Талғар қаласы – Орман ауылы;

      11) №218 Талғар қаласы – Туғанбай ауылы – Нұра ауылы.

      4. Текелі қаласы:

      1) №6 шеңбер – "Текелийский энергокомплекс" ЖШС – Қонаев көшесі – "Алматы облысының денешынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) №3 шеңбер – "Текелі қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі ықшам орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны – орталық базар.

      5. Балқаш ауданы:

      1) №1 Бақанас ауылы – Құйған ауылы;

      2) №2 Бақанас ауылы – Қарой ауылы.

      6. Ескелді ауданы:

      1) №1 Қарабұлақ ауылының ауылдық маршруты.

      7. Қарасай ауданы:

      1) №1 Қаскелең қаласының қалалық маршруты;

      2) №2А Қаскелең қаласының қалалық маршруты;

      3) №3 Әйтей ауылы – Қаскелең қаласы;

      4) №5 Жандосов ауылы – Қаскелең қаласы;

      5) Тұрар ауылы – Алтын Орда базары;

      6) Батан ауылы – Алтын Орда базары;

      7) Исаев ауылы – Қаскелең қаласы.

      8. Қаратал ауданы:

      1) №1 Бастөбе ауылы, Юн көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі;

      2) №2 Үштөбе қаласы, Мартынов көшесі – Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі.

      9. Талдықорған қаласы:

      1) №3 "Самал" ықшам ауданы – "Қызыл тас" саяжайлары;

      2) №5 "Самал" ықшам ауданы – "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Талдықорған қаласының ауруханасы) – Семашко көшесі;

      3) №12 7 ықшам ауданы – Талдықорған қаласының ауруханасы – Семашко көшесі;

      4) №226 арбат – Мойнақ ауылы;

      5) №23 "Самал" ықшам ауданы – "Уйтас" саяжайлары;

      6) №25 "Самал" ықшам ауданы – Еркін ауылы;

      7) №14 "Шаған" базары – "Қаратал" саяжайлары;

      8) №31 "Қалалық әмбебап дүкені" сауда үйі – Әлімжанов көшесі;

      9) №228 арбат – Еңбек ауылы;

      10) №8 "Самал" ықшам ауданы – "Восточный" ықшам ауданы, Чанышев көшесі;

      11) №33 "Самал" ықшам ауданы – 6, 7 ықшам аудандары – "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      12) №1, 1а "Самал" ықшам ауданы – "Қызыл тас" саяжайлары;

      13) №10 "Самал" ықшам ауданы – "Көктал" ықшам ауданы;

      14) №2 "Қарағаш" базары – "Ащыбұлақ" саяжайлары;

      15) №4, 4а Өтенай ауылы – № 19 лицей;

      16) №7, 7а автовокзал – 1 бөлімше;

      17) №13 "Шығыс" ықшам ауданы – 3 бөлімше;

      18) №18 "Қызыл тас" саяжайлары – Орман шаруашылығы;

      19) №20 "Самал" ықшам ауданы – "Сарыбұлақ" саяжайлары (маусымдық);

      20) №227 арбат – 3 бөлімше;

      21) №24 "Самал" ықшам ауданы – "Оптмаркет" сауда орталығы;

      22) №16 "Рахат" гастрономы – "Уйтас", "Көктем" саяжайлары.

      10. Алакөл ауданы:

      1) Қабанбай ауылы – Үшбұлақ ауылы;

      2) Қабанбай ауылы – Лепсі ауылы;

      3) Қабанбай ауылы – Жыланды ауылы – Шынжылы ауылы;

      4) Үшарал қаласы – Ақши ауылы – Көктұма ауылы.

      Ескертпе:

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады