Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 сәуірдегі "Текелі қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 25-162 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 31-192 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 20 желтоқсанда № 4968 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Текелі қалалық мәслихатының "Текелі қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 25-162 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4681 тіркелген, 2018 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы Н. Калиновский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады