Текелі қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 31-190 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 21 желтоқсанда № 4974 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 47-282 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 26.05.2020 № 47-282 шешімімен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Текелі қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы Н. Калиновский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады