Текелі қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 47-282 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 2 маусымда № 5531 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Текелі қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Текелі қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 31-190 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4974 тіркелген, 2018 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Текелі қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 31-191 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4967 тіркелген, 2018 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы шешімнің орындауын бақылау Текелі қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Менисов Бакытжан Запировичке жүктелсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Текелі қалалық мәслихатының
      сессия төрағасы Т. Жумадилов
      Текелі қалалық мәслихатының
      хатшысы Н. Калиновский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады