Балқаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № 38-176 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 4 желтоқсанда № 4920 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10030 тiркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балқаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Балқаш ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының "Агроөнеркәсіптік, шағын және орта кәсіпкерлерлікті дамыту, тұрғын үй, жол құрылысы істері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Балқаш аудандық мәслихатының сессия төрағасы К. Ербаев
      Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы К. Омаров

  Балқаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы "22" қарашадағы "Балқаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" № 38-176 шешіміне 1-қосымша

Балқаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жинақталудың есептік нормалары, м3/жыл

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,53

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,63

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,81

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,53

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,82

6

Емханалар

1 адам

0,02

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,58

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,18

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

1,32

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,26

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,01

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,02

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,03

14

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

0,85

15

Машиналардан сату

Сауда орны 1 м2

0,85

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,60

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,41

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,05

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,14

20

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,51

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,31

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,61

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

5,76

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,64

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,08

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,99

28

Кіржуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,33

29

Зергерлік, аяқкиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмы сорны

0,23

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,47

32

Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,45

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

1,21

 
  Балқаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы "22" қарашадағы "Балқаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" № 38-176 шешіміне 2-қосымша

Балқаш ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көмуге арналған тарифтері

Атаулары

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері



1.1

Жайлы және жайсыз үйлер

1 тұрғын айына

176,7

1.2

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 текше метр

1152,3

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері



2.1

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 тонна

3205


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады