"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ұзынағаш ауылдық округінің Ұзынағаш ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 20 желтоқсандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұзынағаш ауылдық округінің Ұзынағаш ауылындағы жаңа көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) батысында орналасқан жаңа көшеге "Кечиорен";
2) солтүстік-батысында орналасқан бірінші жаңа көшеге "Оралбай Талысбаев", екінші жаңа көшеге "Мусимхан Кисиков", үшінші жаңа көшеге "Жәңке Күреңбеков".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Е. Қасымов |