Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 маусымда № 159 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 9 шілдеде № 4760 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7232 тіркелген) сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ескелді ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.

      2. "Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулыны Ескелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Ескелді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Е. Ахметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді ауданының әкімі Б. Тәнекенов

  Ескелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "21" маусымдағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" № 159 қаулысына қосымша

Ескелді ауданы Шымыр ауылы Талдықорған көшесі № 25, № 27, № 29, № 31, № 33, № 35, № 37, № 39, № 41 және № 43 орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылды:

      А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);

      Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);

      Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;

      Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті төлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).

      Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.

      Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

      Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      А = Ц/Т/12+Р

      Ц = 7 547 303,57 теңге/ 70,3 (техникалық төлқұжаттың деректеріне сәйкес үйдің жалпы көлемі) = 107 358,51 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге); 

      Т = 100 жыл;

      Р = 0 теңге;

      А = 107 358,51 : 100 : 12 + 0 = 89,5 теңге бір шаршы метр үшін айына.


      Ескелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "21" маусымдағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" № 159 қаулысына келісім

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ескелді аудандық тұрғын
      үй-коммуналдық шаруашылық
      және тұрғын үй инспекциясының бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Баглан Абылханович Абылкасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады