Көксу ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 39-4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 5 желтоқсанда № 4928 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 61-3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 61-3 шешімімен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының "Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы К. Жунусов
      Көксу ауданы
      мәслихатының хатшысы А. Досымбеков

  Көксу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы "Көксу ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 39-4 шешіміне қосымша

Көксу ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
(айлық есептік көрсеткіштермен)

1

2

3

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

7

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенінде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады