Көксу ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 61-3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 23 сәуірде № 5489 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Көксу ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 21 қарашадағы № 38-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4871 тіркелген, 2018 жылдың 04 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Көксу ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 39-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4928 тіркелген, 2018 жылдың 08 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. Осы шешімнің орындауын бақылау Көксу ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Кожабергенова Айдара Кожабековичке жүктелсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Көксу ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы О. Нуртаев
      Көксу ауданы мәслихатының
      хатшысы А. Досымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады