Панфилов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 ақпандағы № 6-30-195 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6 наурызда № 4539 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Бюджет және экономика, аграрлық кәсіпкерлік, өндіріс, жол, құрылыс мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы У. Бегимбекова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Шокпаров

  Панфилов аудандық мәслихатының 2018 жылғы "3" ақпандағы № 6-30-195 шешіміне қосымша

Панфилов аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі

      1. "Панфилов ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6-12-83 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4047 тіркелген, 2017 жылдың 6 қаңтарында "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған);

      2. "Панфилов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "Панфилов ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 6-12-83 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 28 ақпандағы № 6-14-99 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4141 тіркелген, 2017 жылдың 24 наурызында "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған);

      3. "Панфилов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "Панфилов ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 6-12-83 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 12 маусымдағы № 6-20-134 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4240 тіркелген, 2017 жылдың 27 маусымында "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған);

      4. "Панфилов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "Панфилов ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 6-12-83 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 18 тамыздағы № 6-22-151 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4305 тіркелген, 2017 жылдың 30 тамызында "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған);

      5. "Панфилов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "Панфилов ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 6-12-83 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 6 қарашадағы № 6-24-160 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4368 тіркелген, 2017 жылдың 24 қарашасында "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған);

      6. "Панфилов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "Панфилов ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 6-12-83 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-25-165 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4435 тіркелген, 2017 жылдың 22 желтоқсанында "Жаркент өңірі" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады