Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 1 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 8 маусымда № 4741 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2017 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Сарқан ауданы Алмалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Коммунарлар" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А. Тұрғамбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады