"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Талғар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 20 мамырдағы № 4-21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3881 тіркелген, 2016 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Талғар ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6-30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3937 тіркелген, 2016 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы А. Н. Умирзаковқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Сембаев |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Ж. Еңкебайұлы |