Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 3 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 3708 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Н.Календеровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№3 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №20 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2147 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде "Ақ жол" газетінде жарияланған).

      2. "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №20 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 201 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2308 болып тіркелген, 2014 жылдың 20 қыркүйегінде "Ақ жол" газетінде, 2014 жылдың 15 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №20 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №13 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2921 болып тіркелген, 2016 жылдың 5 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады