"Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 20 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 13 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 ақпандағы № 2921 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 25.01.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 20 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2147 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде "Ақ-жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтыру осы қаулының қосымшасына сәйкес енгізілсін.

      2. Облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р. Рахманбердиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы "27" қаңтардағы
№ 13 қаулысына қосымша

"Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      Ереженің:

      15 тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ішкі аудитті жүзеге асыру.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20."Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:

      облыс әкімі аппаратына жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;

      облыс әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуы және аппараттың өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;

      өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      облыс әкімі аппаратының құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

      облыс әкімі аппаратының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы облыс әкіміне ұсыныстар енгізеді;

      облыс әкімдігіне облыс әкімі аппараты туралы Ережені бекітуді ұсынады;

      облыс әкімі аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;

      қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      облыс әкімі аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      облыс әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізілетін мәселелердің, қаулылардың, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларының облыс әкімдігі Регламентімен белгіленген тәртіппен өтуінің және бекітілуінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;

      облыс әкімі аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржыны жұмсауға басшылық жасайды;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      облыс әкімінің кадр саясатын іске асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      облыс әкімдігі қаулыларының, хаттамалық тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің расталған көшірмелерін жіберудің тізбесін бекітеді;

      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.".

      "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесіндегі 3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Жамбыл облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады