Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 23.02.2024 № 13-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509, 510 баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Барлық автотұрақтарға (паркингтерге) біркелкі санат белгіленсін және Тараз қаласында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлiнген жерлерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 505-бабы кестесінiң 3-бағанында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге ұлғайтылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Тараз қаласы бойынша Кодекстің 505 бабымен белгеленген жер салығының мөлшерлемелері:
1) тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне № 1 аймақта 50 пайызға, № 2 аймақта 30 пайызға, № 3 аймақта 15 пайызға, № 4 аймақта 10 пайызға арттырылсын;
2) № 1, № 2, № 3, № 4 және № 5 аймақтарда тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерге 40 пайызға арттырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды қалалық мәслихаттың бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Құлекеев |