Жаңа көшеге атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 54 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 қазанда № 3972 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңатұрмыс ауылдық округінің Қайнар ауылындағы жаңа көшеге "Бірлік" атауы берілсін. 

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М.Қилыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады