Гродиково ауылдық округі Гродиково ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродиково ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қаңтарда № 3690 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылдың 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Гродиково ауылдық округі Гродиково ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      Мир көшесі - Ақжол;

      Выездная көшесі – Арна;

      Леонов көшесі – Сардар;

      Набережная көшесі – Ақбұлақ;

      Зеленая көшесі – Көкөзек;

      Полевая көшесі – Жиделі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Гродиково ауылдық округі әкімінің орынбасары Ш. Аметкуловқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Гродиково ауылдық округінің әкімі Б. Кожабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады