РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылдың 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарой ауылдық округінің Октябрь, Пригородное ауылдарындағы көше атаулары өзгертілсін:
1) Октябрь ауылы бойынша:
Космонавтов көшесі Сұлусаз көшесіне.
2) Пригородное ауылы бойынша:
Клубная көшесі Таусамалы көшесіне;
Школьная көшесі Қазына көшесіне;
Набережная көшесі Ойлы көшесіне;
Седовка көшесі Мыңбұлақ көшесіне;
Садовая бұрылысы Теректі көшесіне;
Садовая көшесінің 3-бұрылысы Ақсуат көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарой ауылдық округі әкімінің орынбасары Г.О. Инкашеваға жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарой ауылдық округінің әкімі | Ж. Исаков |