РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарой ауылдық округінің Пригородное ауылындағы бұрылыс атаулары өзгертілсін:
Клубная көшесінің 1-бұрылысы- Рауан көшесіне;
Клубная көшесінің 2-бұрылысы- Арай көшесіне;
Клубная көшесінің 3-бұрылысы- Шапағат көшесіне;
Терешкова көшесінің 2-бұрылысы- Ақбұлақ көшесіне;
Қазақ ҚСР-не 50 жыл бұрылысы-Тәуелсіздік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарой ауылдық округі әкімінің орынбасары Г.О.Инкашеваға жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарой ауылдық округінің әкімі | Т. Тапжанов |