Билікөл ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 1 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 ақпанда № 3694 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылдың 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Билікөл ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы "Шоссейная" көшесі "Нұр" көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Г. Сапарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады