"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қордай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау және интернет-ресурста жариялауды аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, индустриялық-инновациялық даму, аймақты дамыту, көлік және байланыс, орта және шағын бизнес мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай аудандық | |
мәслихат сессиясының төрайымы | Г. Айткулова |
Қордай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Р. Нурсипатов |
Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 80-14 шешімге қосымша |
Қордай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 44-4 "Аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2799 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қарашада "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Қордай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы № 45-3 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2823 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 қарашадағы "Қордай шамшырағы - Кордайский маяк" газетінде жарияланған).
3. Қордай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 29-8 "Қордай ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлерін белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3784 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Републикасы нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).