РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 және 37 баптарына сәйкес, Қордай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қордай ауылдық округінің Қордай ауылындағы Көше атауын өзгерту туралы" Қордай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 2 шілдедегі №237 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3914 болып тіркелген, 2018 жылдың 06 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қордай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қордай ауылдық округінің әкімі | Б. Сахатов |