Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылындағы МТФ көшесінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 37 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 маусымда № 3850 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылындағы МТФ көшесі Самұрық көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман заңгері М.Қуанышбайқызына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Жамбыл ауылдық
      округінің әкімі Е.Байболсынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады