РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ойтал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойтал ауылдық округі Меркі стансасының және Ойтал ауылының көше атаулары өзгертілсін:
Меркі стансасы бойынша:
1) К.Цеткина көшесі Наурыз көшесіне;
2) Первомайская көшесі Ақниет көшесіне;
3) Почтовый 2-ші бұрылысы Қоржайлау көшесіне;
4) Пионерская көшесі Бақыт көшесіне;
5) Нефтебазная көшесі Үміт көшесіне;
6) Набережная көшесі Атамекен көшесіне;
7) Суворов көшесі Балауса көшесіне;
8) Кавказская көшесі Көктем көшесіне;
9) Тельман көшесі Ырыс көшесіне;
10) С.Киров көшесі Рауан көшесіне;
11) В.Жуковский көшесі Қарлығаш көшесіне;
12) Почтовая көшесі Мерей көшесіне;
13) Почтовая 1-ші бұрылысы Мерей бұрылысына;
14) М.Рощинский көшесі Бейбітшілік көшесіне;
15) Железнодорожная бұрылысы Керуен көшесіне;
16) Киевский көшесі Ынтымақ көшесіне;
17) Гвардейская көшесі Самрұқ көшесіне;
18) Д.Фурманов көшесі Атамұра көшесіне;
Ойтал ауылы бойынша:
1) Космонавтов көшесі Игілік көшесіне;
2) Тихий бұрылысы Шаттық көшесіне;
3) Маслозаводская көшесі Ізгілік көшесіне;
4) Интернациональный көшесі Нұрлы жол көшесіне;
5) П.Лумумба көшесі Алатау көшесіне;
6) А.Жданов көшесі Мирас көшесіне;
7) Клубная көшесі Арайлы көшесіне;
8) Свеклопункт көшесі Мамыр көшесіне;
9) Заводская көшесі Алаш көшесіне;
10) Ч.Пруд көшесі Тоғансай көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ойтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Г.Оспанбековаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойтал ауылдық округінің әкімі | М.Онгарбаев |