РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылдың 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақбұлақ ауылдық округі Бәйтелі ауылындағы АВМ көшесі "Алтын дән" болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Р. Джаманкуловаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | Е. Кулманов |