РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Т. Рысқұлов ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Т. Рысқұлов ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 48 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3371 болып тіркелген, 2017 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қауылының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлпеисов Бейсенбек Әшімалыұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Қрықбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдарыбасқармасының басшысы
______________Б.О. Джанибеков
"____"____________2018 жыл
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 527 қаулысына қосымша |
Т. Рысқұлов ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Индекс | Автомобиль жолдарының атауы | Ұзақтығы (шақырым) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | КН-RS-1 | "Тасшолак-Жалпаксаз" автомобиль жолы 0-1,97 | 1,97 |
2 | КН-RS-2 | "Жалпақсаз ауылына кіре беріс" автомобиль жолы 0-1,85 | 1,85 |
3 | КН-RS-3 | "Құлан-Шөңгер" автомобиль жолы 0-3,0 | 3,00 |
4 | КН-RS-4 | "Көгершін ауылына кіре беріс" автомобиль жолы 0-5,85 | 5,85 |
5 | КН-RS-5 | "Өрнек ауылына кіре беріс" автомобиль жолы 0-2,90 | 2,90 |
6 | КН-RS-6 | "Сөгеты ауылына кіре беріс" автомобиль жолы 0-5,40 | 5,40 |
7 | КН-RS-7 | "Қаинды ауылына кіре беріс" автомобиль жолы 0-5,12 | 5,12 |
8 | КН-RS-8 | "Каменка- пионер лагерь" автомобиль жолы 0-12,10 | 12,10 |
9 | КН-RS-9 | "Каменка ауылына батыс кірме автомобиль жолы" 0-1,57 | 1,57 |
10 | КН-RS-10 | "Каменка ауылына шығыс кірме автомобиль жолы" 0-0,87 | 0,87 |
11 | КН-RS-11 | "Қызылшаруа ауылына батыс кірме автомобиль жолы" 0-0,28 | 0,28 |
12 | КН-RS-12 | "Қызылшаруа ауылына шығыс кірме автомобиль жолы" 0-0,38 | 0,38 |
13 | КН-RS-13 | "Луговая-Воинская часть" автомобиль жолы 0-5,59 | 5,59 |
14 | КН-RS-14 | "Сабденов ауылына солтұстік кірме автомобиль жолы" 0-1,05 | 1,05 |
15 | КН-RS-15 | "Сабденов ауылына оңтұстік кірме автомобиль жолы" 0-0,58 | 0,58 |
16 | КН-RS-16 | "Бірлес ауылына кіре беріс" автомобиль жолы 0-0,78 | 0,78 |
17 | КН-RS-17 | "Новосел –Абылхайыр" автомобиль жолы 0-3,0 | 3,0 |
18 | КН-RS-18 | "Корагаты –станция.Қорағаты-Аққайнар-Мамыртөбе" автомобиль жолы 0-22,59 | 22,59 |
19 | КН-RS-19 | "Каракемер ауылына кіре беріс" автомобиль жолы 0-1,33 | 1,33 |
20 | КН-RS-20 | "Теренозек-Көкарық-Шолак кайынды" автомобиль жолы 0-6,72 | 6,72 |
21 | КН-RS-21 | "Каракат ауылына кіре беріс" автомобиль жолы 0-2,10 | 2,10 |
22 | КН-RS-22 | "Ақыртөбе-Тереңөзек-Қаинды" автомобиль жолы 0-15,00 | 15,00 |
Барлығы | 100,03 |