2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 538 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 4053 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 7), 8) тармақшаларына, 27 бабы 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Т.Рысқұлов ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда 2019 жылғабас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

      2. "Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлпеисов Бейсенбек Әшімалыұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Қрықбаев

  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 538 қаулысына 1 қосымша

2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлер саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар

Жұмыскер-лердің тізімдік санынан%

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

"Карабай" жеке кәсіпкер

2

50%

1


Барлығы:

2


1

  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 538 қаулысына 2 қосымша

2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлер саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар

Жұмыскер-лердің тізімдік санынан%

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

"Құдайберген Датқа" шаруа қожалығы

2

50%

1

2.

"Абилкасим" шаруа қожалығы

2

50%

1


Барлығы:

4


2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады