РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Құлан ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құлан ауылдық округінің Құлан ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
1) Ф. Дзержинский көшесі - Медеу;
2) Энергетик көшесі – Саяхат.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Құлан ауылдық округі әкімінің орынбасары Жайлыбаев Мурат Арыкбаевичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Тастанов |