Көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 109 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қарашадағы № 3978 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Құлан ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құлан ауылдық округінің Құлан ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      1) Фрунзе көшесі – Абылай хан;

      2) Новостройка көшесі – Балуан шолақ;

      3) Мелиоратор көшесі – Бірлік көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Құлан ауылдық округі әкімінің орынбасары Жайлыбаев Мурат Арыкбаевичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімінің
      міндетін атқарушы С. Тастанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады