РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көгершін ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көгершін ауылдық округінің Көгершін ауылындағы Кірпіш көшесі Достық көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көгершін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Таңат Талант Талғатұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көгершін ауылдық округі әкімінің | |
уақытша міндетін атқарушы | С. Кесикбаев |