РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды белгіленген квотаға сәйкес жұмыспен қамтысын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Д. Асановаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Нарбаев |
Сарысу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 96 қаулысына қосымша |
2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері | |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін | |||
Жұмыскерлердің тізімдік санынан % | Жұмыс орындарының саны (бірлік) | ||
"Казфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы "Қаратау" тау-кен өңдеу кешені | 1569 | 1 | 15 |
"Сарысу ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жаңатас-Су-Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 180 | 1,2% | 2 |
"Жаңатас-көлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 48 | 2% | 1 |
"АмирТрансСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | 10% | 1 |
"Алты-Орда-2006" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | 10% | 1 |
Жеке кәсіпкер "Мутляпова Г.Е." | 10 | 10% | 1 |
Жеке кәсіпкер "Бекмаганбетов" | 10 | 20% | 2 |
Барлығы | 1837 | 23 |