Жайылма ауылдық округінің Жайылма ауылындағы "Гараж" және Маятас ауылындағы "Коминтерн" көшелерінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 41 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 4086 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы "8" қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Жайылма ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округі Жайылма ауылындағы Гараж көшесі "Қаратау" көшесі болып, Маятас ауылындағы "Коминтерн" көшесі "Ақтас" көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Н.С. Рахымжановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Ж. Жаркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады