Шу қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 204 қаулысы және Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 29-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 3896 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысын және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шу қаласының кейбір көшелері қосымшаға сәйкес қайта аталсын.

      2. Осы нормативтік-құқықтық актінің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімі аппаратының басшысы Т. Ботабековке жүктелсін.

      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Досаев
      Мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиев
      Сессия төрағасы Б.Елеуов

  Шу аудандық әкімдігінің
2018 жылғы 12 маусымдағы
№ 204 қаулысына және
2018 жылғы 21 маусымдағы
№ 29-6 шешіміне қосымша

Шу қаласындағы көшелерге берілген қайта атаулар

      1) Арычная көшесі - Алакөл көшесі

      2) Бугровая көшесі - Әулиешоқы көшесі

      3) Водопадная көшесі - Бәйшешек көшесі

      4) Восточная көшесі - Ақшоқы көшесі

      5) Гэсовская көшесі - Атамұра көшесі

      6) Дорожная көшесі - Самұрық көшесі

      7) Дорожный проезі - Адырна көшесі

      8) Кузнечная көшесі - Жалғызқұдық көшесі

      9) Лесозащитная көшесі - Ақтерек көшесі

      10) Маслозаводская көшесі - Ақсай көшесі

      11) Новотрактовая көшесі - Өжет көшесі

      12) Паровозная көшесі - Байқоңыр көшесі

      13) Победа көшесі - Мәңгілік Ел көшесі

      14) Паромная көшесі - Ақдала көшесі

      15) Перепелова көшесі - Жетіген көшесі

      16) Локомативная көшесі - Ұлы Дала көшесі

      17) Почтовая көшесі - Пырақ көшесі

      18) Привольная көшесі - Аққу көшесі

      19) Пустынная көшесі - Ақберен көшесі

      20) Раздольная көшесі - Алаш көшесі

      21) Электротупик көшесі - Қызғалдақ көшесі

      22) Южная көшесі - Тектұрмас көшесі

      23) Комсомольская көшесі - Барыс көшесі

      24) Мира көшесі - Тайқазан көшесі

      25) Лесопитомник көшесі - Шалқаркөл көшесі

      26) Дружба көшесі - Керуен көшесі

      27) Ремзаводская көшесі - Сәйгүлік көшесі

      28) Зверохозяйство көшесі - Зеренді көшесі

      29) Автобазовская 1 көшесі - Қасқабұлақ көшесі

      30) Автобазовская 2 көшесі - Ақбұлақ көшесі

      31) Автобазовская 3 көшесі - Айымбұлақ көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады