Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 28.02.2019 № 13/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 237 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15452 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы "13" наурыздағы № 10/02 қаулысына қосымша |
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ реттік саны | Тауарлық балық өнімдерінің түрлері | 2018 жылғы жоспарланған өнім көлемі, кг | Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерінің 1 кг өндірісіне азық шығындарына берілетін субсидиялардың бекітілген нормативі, кг | Бекітілген норматив бойынша жалпы азық шығыны, кг (3 бағана х 4 бағана) | 1 кг өнімге шығындар есебінен балықтар азығына берілетін субсидиялардың бекітілген сомасы, теңге | Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өзіндік құнын арзандату үшін жоспарланған субсидиялардың көлемі, теңге (5 бағана х 6 бағана) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Албырт және оның буданы | 16 898,1 | 1,2 | 20 277,8 | 360,0 | 7 300 000,0 |
2 | Бекіре және оның буданы | 30 000,0 | 1,5 | 45 000,0 | 300,0 | 13 500 000,0 |
3 | Тұқы және оның буданы | 60 000,0 | 4,0 | 240 000,0 | 30,0 | 7 200 000,0 |
БАРЛЫҒЫ | 28 000 000,0 |