Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде мынадай дәрілік заттарды қосымша берілсін (рецепт бойынша):
"Ювенильді склеродермия" диагнозы бойынша "Иммуноглобулин G".
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).
3. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы | Б. Базарбаев |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С.Өтешов |