Қарағанды облысының Бұқар жырау мен Нұра аудандарының бірқатар әкімшілік-аумақтық бірліктерін және Қарағанды облысының Қаражал мен Саран қалаларының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 53/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 қарашадағы XIX сессиясының № 352 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 5057 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 30 мамырдағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 шілдедегі қорытындылары негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      Киров ауылдық округі – Егінді ауылдық округі;

      Пржевальское ауылдық округі – Мұзбел ауылдық округі;

      Киров ауылдық округінің Майоровка ауылы – Егінді ауылы;

      Пржевальское ауылдық округінің Пржевальское ауылы – Мұзбел ауылы деп қайта аталсын.

      2. Бұқар жырау ауданының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      Корнеевка ауылдық округі – Керней ауылдық округі;

      Үштөбе ауылдық округінің Заречный ауылы – Сарыарқа ауылы деп қайта аталсын.

      3. Қаражал қаласының Степная көшесі – Қайнар көшесі деп қайта аталсын.

      4. Саран қаласының Комсомольская көшесі – Сарыарқа көшесі деп қайта аталсын.

      5. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      6. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Кошанов
      Қарағанды облыстық
мәслихаты сессиясының төрағасы
М. Миргаязов
      Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы С. Утешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады