Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 63/02 қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысының әкімдігінің 28.05.2020 № 34/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 210-бабының 2-тармағында орнатылған ауданы бес гектарға дейінгі аумақта өндіру кезінде белгіленген операцияларға арналған жыл сайынғы ең төмен шығыс сомасының 10% мөлшерінде төмендегі формуламен анықталады:
О1=530×АЕК×10%
мұндағы:
О1 – бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері;
АЕК – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш.