"Қарағанды облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 63/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 34/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 маусымда № 5854 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 63/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5059 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 19 желтоқсанында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      нұсқалған қаулыға қосымша, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2020 жылғы 28 мамыры
№ 34/01
қаулысына қосымша
  Қарағанды облысы әкімдігінің
2018 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 63/02 қаулысына қосымша

      Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 210-бабының 2-тармағында орнатылған ауданы бес гектарға дейінгі аумақта өндіру кезінде белгіленген операцияларға арналған жыл сайынғы ең төмен шығыс сомасының 10% мөлшерінде төмендегі формуламен анықталады:

      О1=530×АЕК×10%

      мұндағы:

      О1 – бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады