Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 22.07.2020 № 49/424 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына қалалық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Жыл сайын біржолғы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері ағымдағы жылдың 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Жумкина |
Қалалық маслихаттың хатшысы | С. Медебаев |