Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 36/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 қыркүйекте № 4942 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 37/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 09.07.2024 № 37/3 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 23.08.2022 № 61/1 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 "Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Теміртау қаласындағы инватакси қызметтерін алушылардың санаттарын және инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін қызметтерді алушылардың келесі санаттарымен және объектілер, межелі орындар тізбесімен кеңейту:

      1) Инватакси қызметін алушылардың санаттары:

      қозғалысында қиындық көретін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;

      аяқтарында ампутация тұқылдары бар 2 топ мүгедектігі бар адамдар;

      жүріс арба көмегімен жүретін 2 топ мүгедектігі бар адамдар;

      психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар;

      аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедек балалар.

      2) Объектілер мен межелі орындардың тізбесі:

      "Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);

      Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;

      Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 23.08.2022 № 61/1 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Дәурен Жағыпарұлы Есімхановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ. Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады